Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Р.Рүстемов және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Жайымбетов пен М.Ергешбаевтың Сырдария ауданына сапары барысында Қалжан ахун ауылы тұрғындарымен жүздесті.

Мұнда ауыл халқына Парламент қабырғасында жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысытырып, азаматтардың ұсыныс пікірдерін тыңдады.

Кездесуде ауыл ардагері Б.Дүйсенбаев Қалжан ахун ауылының биыл көгілдір отын тұтынатындығын айтып, өз ризашылығын білдірді.

Партия уәдесінде тұрып жатыр. Жақында облыста 3 елді мекенге табиғи газ берілді. Жыл соңына дейін 9 елді мекен табиғи отын игілігін көреді деп отыр. Соның ішінде біздің ауылымыз да бар. Қазір ауылда газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптен күткен мәселе еді бұйырса шешімін тапқалы тұр деді ақсақал.

Ауыл ардагері С.Кенжебаев ауылдағы Қайқы батыр көшесін жөндеу қажеттігін және инфрақұрылымды дамыту бойынша өз ұсынысын жеткізді. Ал, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Жорабек «Ауыл аманаты» жобасының іске асуын ауыл азаматтары күтіп отырғандығын айтты.

Кездесу соңында депутаттар әрбір ұсыныстың маңыздылығын айтып, кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын жеткізді.

Мұнан соң халық қалаулылары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан фельдшерлік-акушерлік бекеттің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сенат және Мәжіліс депутаттарының сапары Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағанбетов ауылында жалғасын тапты. Мұнда да халық қалаулылары алдымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Тұрғындарға елдегі соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында ауыл ақсақалы Жылқыбай Бәрзубек ауылға ат басын тіреген халық қалаулыларының сапарының оң болуын тілеп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

Әрі қарай депутаттар ауылдық фельдшерлік – акушерлік бекеттің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты А.Тоқмағанбетов ауылындағы фельдшерлік – акушерлік бекетке 20 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүрмеген. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында биыл жүзеге асырылуда. Жоба құны: 81009,0 мың теңге.Мердігер мекеме «АХАТ - ГС» ЖШС. Мердігерлер жұмысты күзге дейін толық аяқтап, пайдалануға береміз деп отыр. Сонымен қатар, ауылға көгілдір отынды кіргізу бойынша да бастапқы жұмыстар жүргізілуде.

Мұнан соң мәжілісмендер Тереңөзек кентінің орталығыдағы Д.Қонаев көшесіне төселіп жатқан асфальт сапасын көріп, мердігерлермен тілдесті. Бұл көшенің жалпы ұзындығы 1,34 шақырымды құрайды. Бұған дейін көшенің бойына бордюр салу жұмыстары жүргізілген.

Монитоинг жұмыстары барысында халық қалаулылары жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын мердігер мекеме өкіліне нықтап тапсырды. Мұнан әрі партияның аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар өтінішін тыңдады.

Қабылдау барысында азаматтар Шаған ауылын газдандыру, Тереңөзек кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, тұрғын үй мәселесі, Қалжан ахун ауылының электр желісін жаңарту секілді жалпыға ортақ мәселе көтерді.

347563605_661487252683581_1392386170923185005_n.jpg
357827022_661590719339901_1125824591447915993_n.jpg

 

347402900_661590902673216_1253306188145238035_n.jpg

Тағы да оқыңыз: