Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов пен Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев бүгін Т. Жүргенов ауылының халқымен кездесті.
Кездесуде халық қалаулылары атқарылған жұмыстар мен жаңадан енгізілген заң талаптары мен халықтың ұсынысына сәйкес жасалған түзетулер мен өзгертулерге тоқталып өтті. Аз уақытта басталған ауқымды бастамалар шеңберінде ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, депутатар заң аясында сүйемелдеу жұмыстары жасалып, зерделенетіндігін жеткізді.
Ауыл ақсақалдарының ақ батасын алған Сенат және Мәжіліс депутаттары Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы құрылысымен танысты. Жаңа көпірдің тұрғындар үшін маңызды екені айтқан депутаттар жобаға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары және аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізіліп, ауданның экономикалық дамуы мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру тұрғысында ұсыныстар айтылды. Кездасуден соң тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізіп, жекелеген мәселелерді мінберде көтерілтендігі айтылды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов пен Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев Жалағаш кентіндегі Желтоқсан көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен танысып, аудан әкімі Асқарбек Есжанов аудандағы жол құрылысының 2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда қарқын алғанын жеткізді.
Халық қалаулыларының ауданға жұмыс сапары барысындағы елдің тілегі орындалу үшін алдағы уақытта жүйелі істер өз жалғасын табатын болады.
Кездесуде ауыл тұрғындары жайылымдық жерлер, шаруалардың ротациялық жүйенің сақтамауы, әлеуметтік нысандарды жөндеу және су мәселелерін көтерді.
Ауылдағы №15 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы 1988 жылы тиіптік жобада салынып пайдалануға берілген. Қазіргі таңда бөбекжай-бақшада 4 топта 85 бала тәрбиеленіп,30 қызметкер жұмыс жасайды. 2009 жылы жаңадан бу қазандығы салынып пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта бөбекжай-бақша ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Атап айтқанда ғимараттың шатыры тозып,ішкі-сыртқы сылақтары түсіп,электр желілерінің тозығы жетіп тұр. Алдағы уақытта бөбекжай-бақшаға заманауи үлгідегі күрделі жөндеу жүргізілуіне ықпал естеңіздер – деді ауыл тұрғыны Әли Қасымов.
Кездесуде халық қалаулылары сайлаушылардан түскен ұсыныстарды назарға алатындығын айтты. Сонымен қатар, шараға Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Әмірбек Шаймағанбетов, Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары Елеусінов Өмірзақ, Қуат Ахетов қатысты.