Kyzylorda-news.kz. Ұлы Отан соғысының 78 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков «Мәңгілік алау» мемориалының алдына соғыс жылдарында шайқаста қаза болған жауынгерлерді еске алу құрметіне гүл шоқтарын қойды. Онан соң соғыс ардагері Әбдірахман Бәйтіковтің отбасына барып, Жеңіс күнімен құттықтады.
Кездесу барысында департамент басшысы Бақыт Қайшыбеков соғыс ардагерін келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық тілеп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Өз кезегінде ардагер Әбдірахман Бәйтіков өзінің өмірлік тарихымен бөлісіп, сұрапыл соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен бірге жүрген қаруластарының ерліктері туралы айтты және департамент ұжымына ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Ардагерлердің соғыс жылдарында көрсеткен жанкешті ерлігі-бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлкен рухани мұра. Осы ретте, департаменттің жас мамандары да облыстық музейде болып, соғыс ардагерлеріне арналған естеліктеліктермен, жасаған ерліктерімен танысты. Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды.

