Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әміржан Өтегенов Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесті. Кездесубарасындамаңыздымәселелер қаралды.
Мемлекетбасшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекітті. 2023 жылы оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында құқық қорғау органдарында парасаттылыққа тексеруді немесе integritycheck енгізілгені белгілі. Бұл ретте Әміржан Сермаханұлы полиция қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасын түсіндіріп, кеңінен айтып өтті. Яғни, өңір полицейлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігі тексеріледі.
Әміржан Сермаханұлы тәртіп сақшыларының қатарындағы сыбайлас жемқорлықты жою — қазіргі полицияның негізгі міндеттерінің бірі екендігін басып айтты.
Кездесу барысында қызметкерлердің сыртқы түрі, яғни нысандық киімі, материалдық – техникалық жарақтандырылуы, жұмыс тәртібі, автокөліктерді мақсатты пайдалануы сынды мәселелер айтылды.
«Полиция – күнделікті халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті қырағылықпен қадағалайды. Халықпен тығыз байланыста жұмыс атқаратындықтанполциия қызметкерлерінің сыртқы келбеті мен нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуы өте маңызды. Яғни, полиция қызметкерлерінің тек кәсіби біліктілігі ғана емес, олардың сыртқы келбеті, тазалығы мен ұқыпты болуы назарға алынады. Қызметкерлердің жинақы және ұқыпты сырт келбеті азаматтардың полицияға деген сенімінің артуына, полицияның оң имиджінің қалыптасуына тікелей ықпал тигізеді. Полицейлер қызмет бабында салғырттық танытпауы тиіс. Сондықтан да әділеттілік, қызметке адал¬дық, жауапкершілік, кәсіби бі¬ліктілік – әрбір полиция қыз¬меткерінің ұстанымы болуы тиіс» деді департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әміржан Өтегенов.
Жалпы, Қызылорда облысының Полиция департаментімен жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында тұрақты түрде жедел профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Өз кезегінде департаментбастығының орынбасары полиция полковнигі Әміржан Өтегенов жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асыруды, ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты дұрыс қамтамасыз етуді тапсырды.