Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев аудандық пробация қызметтерін аралап, инспекторларының жұмыс барысымен танысты. Департамент бастығы жұмыс сапарын Сырдария аудандық пробация қызметінен бастады.

Департамент бастығы аудан әкімі Т.Дүйсебаевпен және консультативтік -кеңесші орган төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаевпен қызметтік кездесу өткізіп, пробация қызметі есебіндегі сотталғандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, квота бойынша жұмысқа орналастыру төңірегінде өз ұсынысын айтып, алдағы атқарылуға тиісті жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар департамент бастығы аудан прокуроры Е.Алмазұлымен және аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Н.Ибраевпен кездесті. Одан соң пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандардың үйін аралап, қайта қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс сапары Жалағаш, Қармақшы аудандық пробация қызметтерінде жалғасын тапты.

Іссапар барысында пробация қызметінің жұмысына қадағалау жүргізуші аудан прокуроры М.Маханбетжановпен, пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға бірлесіп бақылау жүргізуші Қармақшы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Бағдат Ақтаевпен және сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органдарына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Жарқынбек Омаровпен кездесу өткізіп, пробация қызметінде туындаған мәселелерді көтеріп, бірігіп жұмыс атқаруға шақырды.
Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың мекенжайларына барып, олардың әлеуметтік жағдайын зерделеді. Сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Департамент бастығының жұмыс сапары Байқоңыр қалалық  пробация қызметінде жалғасын тапты. Пробация қызметкерлеріне заң талаптарын мұқият орындап, сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттерді мүлдем болдырмау және оны түп-тамырымен шабуға бар күш-жігерімізбен күресуді тапсырды. Сонымен қоса, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы полиция полковнигі А. Ахметовпен кездесіп, пробация қызметімен өзара іс-қимыл жасасу жай-күйеуімен танысты.

Одан соң, қала прокуроры Н.Рахметовпен кездесіп, қызмет барысындағы сұрақтар талқыланды. Департамент бастығымен есептегі бірнеше  сотталғанның тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, олармен қайта қылмыстың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Тағы да оқыңыз: