Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 253-ж/қ бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары болып Қанат Хабибуллович Буржаев тағайындалды.

Қ.Х.Буржаев 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында туылған. Білімі жоғары. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы академиясын және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық институтын бітірген. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінде инспектор болып бастаған. Ұзақ жылдар Батыс Қазақстан облысының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша Ұлттық бюросында бөлім басшысы, басқарма басшысы лауазымдарында нәтижелі қызмет атқарған. 2019 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары.

Біліктілік сыныбы – екінші санат.
Отбасылы, 3 бала тәрбилеп отырған әке.

Тағы да оқыңыз: