Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантиндік шаралардың мерзіміне қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны орташа есеппен күн сайын 30 процентке өсіп келді. Ол бір науқас инфекцияны үш-төрт адамға жұқтыра алатынын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде инфекциялық стационарларда 3 500 орын бар. Қосымша орындар да қарастырылған. Негізгі мақсат – науқастардың күрт көбейіп кетуіне жол бермеу. Себебі ондай жағдайда ауруханаларға салмақ түседі, науқастардың өміріне де қауіп төнеді.  

«Жалпы, сәуірде эпидемияның шарықтау шегінен өтеміз деп ойлаймын. Одан кейін карантиндік шараларды жалғастыратын боламыз. Әрине, медицина қызметкерлеріне де қауіп төніп тұр. Сондықтан біз медицина қызметкерлерінің резервін жасақтап жатырмыз. Қазіргі шараларға 16 мың маман қатысуда. Біз сәуір-мамыр айларында қосымша 10 мың қызметкерді тартуды жоспарлап отырмыз», – деді министрі.

Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде 3,5 мың адам COVID-19 инфекциясына шалдығуы мүмкін екенін айтқанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: