Министр елімізде 3,5 мың адам COVID-19 инфекциясына шалдығуы мүмкін екенін айтты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Министр елімізде 3,5 мың адам COVID-19 инфекциясына шалдығуы мүмкін екенін айтты

31.03.2020, 10:40

207 0

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавируске қатысты жағдай бойынша болжамын мәлім етті. Ведомствоның есептеуінше, елімізде COVID-19 инфекциясына шалдығатындардың саны 3 500 адамнан аспайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртановтың айтуынша, бастапқыда Қазақстан бойынша болжамдар аса «қатаң» болған. Себебі, бір адам бірден үш немесе төрт азаматқа жұқтыру мүмкін еді. Алайда, еліміздің бірнеше қаласы мен облыстарына карантин мен ТЖ режимі енгізілгеннен кейін болжамдар жақсара түскен.

Министрлік басшысы эпидемияның шарықтау шегі сәуір айына келіп түсетінін мәлімдеді. Қазақстан індеттің жайылуы тоқтағаннан кейін де, вирустан толығымен құтылу мақсатында төтенше жағдай мен карантин режимін сақтауды жалғастыратын болады.

Елімізде коронавируске шалдығатындардың саны 3500 адамнан аспайды деп күтілуде. Қазіргі таңдағы басты мақсат – індеттің шарықтап кетуіне жол бермеу. Бұл жағдай орын алса дәрігерлердің жұмысы ауырлап, дәрі-дәрмек саны айтарлықтай азая түспек.

Біртановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың ең көп оқиғасы 28 наурызға келіп түсті. Ол күні бір тәулік ішінде 78 науқас тіркелген болатын. 29 наурыз күні қауіпті вирусты 56 адам жұқтырғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында осы қауіпті індетті жұқтырған 8-ші науқас тіркелді.

0

Пікір қалдыру