Kyzylorda-news.kz Денсаулық сақтау вице министрі Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының және аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ашылған Жаңақорған ауданындағы “Қамқорлық” балалар оңалту орталығының жұмысымен танысып, оң бағасын берді. 

"Облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарып, замануи құрылғыларды алуға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына рахмет, медицина дамыды, мамандар біліктілігін жыл сайын арттыруда. Мұның барлығы ұлт саулығы және ана мен бала денсаулығы үшін жасалып жатқан игі істер екені сөзсіз. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. іші заманауи әрі озық үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізері анық, – деді вице министр.

Аталған орталықта емдеу және оңалту орталығында мамандар әр балаға аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданады. күндізгі және 15 күндізгі және 5 тәуліктік болып жабдықталған орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпаия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. 

Қазіргі таңда мұнда жас ерекшеліктеріне қарай жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға көмек көрсетіліп жатыр. Сондай ақ, барлық мамандар Астана қаласындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында оқытылып, даярланған.

Оңалту орталығы Жаңақорған.jpg

Тағы да оқыңыз: