Kyzylorda-news.kz. Біздің тәуелсіз ел атанып, бейбіт аспан астында халықтар достығын ту етіп, татулық, ынтымақтық, ауызбіршілік аясында өмір сүріп келе жатқанымызға ширек ғасырдан астам уақыт болды. Осы жылдар ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды, мойындады. Қазақстанды өркениетті елдердің қатарына қосу еш уақытта күн тәртібінен түскен емес.
Президенттің кезекті жолдауында экономикалық, өндірістік және ауыл шаруашылық аспектілеріне ден қоюы еліміздің болашағы үшін, алдыңғы елдер қатарына қосу үшін, барлық азаматтардың бірегейлік пен бірлікте өмір сүру үшін, оған қалай қол жеткізуге болатындығы жайлы мәселелерді саралауынан туындап отыр деп ойлаймын.
Соңғы жылдарда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістерге халық бейжай қарамайтындығын көрсетті. Мұның өзі - демократиялық даму жолындағы жақсы қадам. Билік пен халық арасында сабақтастық орнаса ғана қоғамда жағымды оң өзгерістер болатыны хақ.
Нұрмұрат ЕРМАНОВ,
Облыстық ҚХА-ның Ақсақалдар кеңесінің төрағасы,
қоғам қайраткері.