Kyzylorda-news.kz "Қазгидромет" РМК синоптиктері 3, 4 және 5 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, мамырдың басында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай, жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Республиканың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жауады. Батыста және оңтүстікте құмды дауыл соғады. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түседі, – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Көктемнің соңғы айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады.

Тағы да оқыңыз: