Kyzylorda-news.kz. 18-20 маусым күндері республиканың барлық аумағында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

20 маусым күні болса оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады деп болжануда.

Қазақстанның батысында түнде 12-23 жылы, күндіз 23-36 градус ыстық, ал елдің солтүстітінде 33 градусқа дейін ыстық болады.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы күндіз 34-39 градусқа дейін көтеріледі.

Тағы да оқыңыз: