Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш тәулікте республикада тұрақсыз ауа райы сақталады.

Демалыс күндері еліміздің біраз аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жауын мен бұршақ күтіледі. Ел аумағында жел күшеймек.

Жетісу, Ақмола облысында күн күркіреп, жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады. БҚО және Атырау облысында қатты аптап ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы, Астана, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында және Ұлытауда жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында найзағай, жел, қатты аптап ыстық және өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Ал Павлодар облысының тұрғындарына найзағай туралы ескертілді. Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескертуге найзағай, бұршақ, жел және төтенше өрт қаупі күтіледі. Сондай-ақ Қостанай облысында найзағай, бұрқасын, тұман, жел және төтенше өрт қаупі болмақ. Жамбыл облысында жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Температуралық фон бойынша солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді. Қалған аймақта өзгеріс күтілмейді.

Тағы да оқыңыз: