Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегені байқалған. Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% – 2,7 миллионға дейін төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалымдардың пікірінше, қаңтар айының басында вирус жұқтырушылар саны 5 миллионнан асқаннан кейін, бесінші апта қатарынан індет қарқынының төмендегені байқалған. Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болғандар саны да азаюда. ⠀

Американдық The New York Times басылымы әлемде және АҚШ-та індет деңгейінің төмендеуінің басты себебі қазіргі кезде адамдардың едәуір бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған деп есептейді.⠀

Аталған жағдайға қарамастан, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әлем халқын қырағы болуға шақырады – ешкім COVID-19-дың тұрақты төмендеуіне кепілдік бере алмайды. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған кейбір адамдар, індеттің жаңа нұсқаларының бірін қайта жұқтыру ықтималдылығы бар.

Тағы да оқыңыз: