Kyzylorda-news.kz 26 наурызда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 26 наурызда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Фото: Нұрболат Нұржаубай