Kyzylorda-news.kz. Сырдарияның суы деңгейінен асып, сең жүру қаупі туындап, халықты әбіргерге салатыны бар. Айтып келмейтін тілсіз жаудан сақтану шаралары тиісті мекемелер тарапынан алдын-ала ұйымдастырылады.

Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев жұмыс сапарымен Райым, Аманөткел ауылдық округтерінде болып, дария бойындағы ахуалды бағамдады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі таңда күннің суытуына байланысты Сырдария өзенінің бойында мұз ұстасуда. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Еркін Жұмаханұлы және облыстық жұмылдыру дайындығы орталығы директорының орынбасары М.Сақитжановпен бірге «Ақшатау-Қамыстыбас» көлдер жүйесін суландыратын «Аспай» суағытқысының және Бұрмақұлақ учаскесінің жағдайын бақылады. Аталған аймақтарда дария суы қалыпты деңгейде. 

Қазіргі таңда, Басықара су тоспасынан төмен қарай секундына 200 текше метр су түсуде. Аталған мол суды Кіші Арал теңізіне жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрмақұлақ учаскесінен жоғары тұрған каналдар 70 текше метр су алып тұрса, төменге ақлақ су тоспасынан яғни, Кіші арал теңізіне секундына 125 текше метр су тасталуда. Сырдария өзенінің ахуалы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

317999932_3429174077410954_6539647058137906154_n - копия.jpg

 

318098070_3429174007410961_9090945322793544621_n - копия.jpg

 

Тағы да оқыңыз: