Kyzylorda-news.kz. Мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екендігін дәлелдеуде. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.

Осы орайда, бүгін Сыр еліне жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі аймақ жастарының ахуалымен танысу мақсатында Жастар орталығындағы «Coworking», «Кітап құрттары» үйірмесі, «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау» және «Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу» бөлімдерінің, кітапхана және орталық жанынан құралған «Ақиқат» пікір сайыс клубының, облыстық ІТ парктің жұмысымен танысты. 

Облыста 2006 жылдан бастап жұмыс істейтін «Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» мүшелерімен кездесті. Қазіргі таңда «Қазақстанның Азаматтық Альянсымен» бірнеше бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, кездесуде үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін де тыңдады. 

Бұған қоса, «Жас Сарбаз» әскери патриоттық ұйымы жастарының «Ерлік сағатына» қатысып, жас сарбаздармен пікірлесті. Сыр жастарының өнеріне де тәнті болды. 

Кездесу соңында естелік кітапшасына өз қолтаңбасы мен ізгі тілегін қалдырды.

34.jpg35.jpg36.jpg
 

Тағы да оқыңыз: