Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов «AMANAT» партиясының кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, денсаулық сақтау, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Қабылдауда өңір тұрғындары әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты шағымдары мен өтініштерін білдірді.
Әрбір азаматтың ұсыныс-тілегін жіті тыңдаған Данияр Жаналинов көтерілген мәселелелерді оң шешілуі бойынша партияның облыстық филиалы мен тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, тікелей өз бақылауында болатындығын атап өтті.
Сонымен қатар қабылдау барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары азаматтардың өтінішіне сай өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған маңызды жобаларды атап, жаңа жұмыс орындары ашылатынын, өңір халқының әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кеңінен ақпарат берді.