Kyzylorda-news.kz. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен оның қызметін ұйымдастыру ҚР Конституциялық заңмен айқындалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Дәурен Шәріпбаев мәлімдеді.

«Ата Заңымыздың бірінші бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Адам құқықтары туралы уәкілдің» өкілеттігін көтеру мақсатында арнайы Конституциялық заң қабылдану керектігін айтты. Жалпы аталған Заңның негізгі мақсаты – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өмірін қорғау болып табылады. Біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық деңгейдегі мемлекеттік саясаттың бірінші кезектегі міндеті екенін түсінуіміз қажет. Бұл тұрғыда жаңа нормаларға сәйкес, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті күшейтіліп, оның қызметін ұйымдастырудың тиіміділігі артады. Жаңа мәртебеде адам құқықтары жаппай және өрескел бұзылған жағдайда азаматтар Жоғарғы сотқа немесе Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы», - деді Дәурен Шәріпбаев.

Тағы да оқыңыз: