Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, философия докторы Омаров Дәулет Кәрібайұлы соғыс жылдарында Сыр өңіріне эвакуацияланған және күштеп қоныс аударылған халықтардың тағдыры туралы баяндайды. Сарапшы өз баяндамасында соғыстың алғашқы жылдары қазақ еліне батыстан 532,5 мың адам қоныс аударып, оларға баспана мен жұмыс берілгенін айтады. 

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таң қалдырады. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Соғыстың алғашқы жылдары Қазақстанға батыс аудандардан эвакуацияланған 532,5 мың адам баспана мен жұмыс тапты, сонымен бірге 50 мың маманданған жұмысшылар, инженер-техниктер қызметкерлер, 970 мыңдай күштеп көшірілген поляктар мен немістер келді. Өте қысқа мерзім ішінде эвакуацияланған кәсіпорындарды тиісті өндірістік алаңдармен қамтамасыз етіп, майданға қа жетті өнімдер өндіруді жолға қою, адамдарды азды-көпті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету қажет болды. Майданға жақын аймақтардан адамдарды амалсыз эвакуациялау көптеген қиындықтар әкелді. Бұл шаралардан Сыр өңірі мен халқы да тысқары қала алмады. 

1941 жылы шілдеде Қызылорда облысында эвакуацияланған азаматтарды қабылдап, орналастыру, ыстық тамақпен қамтамасыз ету және дәрігерлік көмек көрсетумен айналысатын облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесі жанынан эвакопункттер құрылды, олардың жұмыс істейтін орындары теміржол стансалары жанындағы үй-жайлар болды. Эвакуацияланған халықтың есебін алу үшін анықтама бюролары ұйымдастырылды. 9 шілдеде Қызылордаға эвакуацияланғандардың алғашқы легі 10 мың адам келді. Олардың арасында түрлі ұлт өкілдері армяндар, курдтар, немістер, поляктар, украиндар және басқалары да бар еді. Келушілерді қабылдау, орналастыру, баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынды. Олар фабрикалар мен зауыттарға жұмысқа жолданып, еңбекке араласып, аса зор жауаптылықпен майдан шебіне үлкен көмек көрсеткен. Бірақ «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» «Память во имя будущего» 294 арнайы қоныстандырушыларды еңбекпен қамту соғыс уақытында өте ауыр жағдайлармен өтті. Осы жылы Қызылорда облысына тағы да эвакуациямен болгар, грек, еврей, кәріс, латыш, орыс, поляк, румын, сыған, серб, татар, чуваш ұлтынан барлығы 30 062 адам келді. Жергілікті партия ұйымдары, атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар эвакуация кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлді. Жер аударылғандар тұрғылықты халықтың үйлеріне, бос үйлерге, кеңселерге орналастырылды. 1941 жылы Чернигов облысы, Прилужск ауданының және Харьков балалар үйлерінен эвакуацияланған 1754 балалар облыстың 7 ауданына орналастырылып, олар үшін қосымша 10 балалар үйі ұйымдастырылды. Балалар үйлері мен интернаттардың жағдай әрдайым облыс басшылығының назарында болды. Қазақстанға көшірілген бірінші лектегі халықтар қатарындағы келесі ретте Батыс Украина шекарасына жақын аймақтарға қоныстанған поляктар мен немістер болды. 1936 жылы олардың көбісі Қазақстаннын солтүстік аймақтарына қоныстандырылды. 

Бұл поляктардың бір бөлігі қазіргі Қызылорда облысы аймағына көшірілді. Қызылорда облыстық атқару комитетінің шешімімен 1943 жылдың 21 желтоқсанында Қызылорда қаласында поляк балаларына арнайы поляк тілінде мектеп және 1944 жылы 6 қазанда 60 орындық балабақша ашылды. Арал аудандық атқару комитетінің 23 қазан 1941 жылғы кеңейтілген отырысында, қоныс аударылып келгендерге арнайы мектеп үйлерін мемпороход және әскери күзет мекемелерінде ұйымдастыруды қолға алу туралы шешім шығарды. Соның ішінде, облыстық атқару комитетінің шешімімен 1941 жылдың екінші жартысында Арал ауданына Молдавиядан әкелінген 40 отбасы, Эстония, Латвия, Литвадан әкелінген 2486 адам, одан да басқа әр жерден әкелінген 1413 неміс қоныстанушылары әскери госпитальдарға, «Рыбник» клубына орналастырылады. Арал қаласында–540 адамды «Рыбник» клубына, пионерлер үйіне, Госпароходство жатақханасына, Қамбашқа 460 адамды мектепке, клубқа орналастырып тамақ, дәрігерлік көмек берілді. Олардың балаларын оқуға, жұмысқа жарамдыларын балық зауытына, ауыл шаруашылық колхоздарына жұмысқа орналастырып, жетім балаларды әрбір отбасы қарауына ала бастады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғыс жүріп жатқан аймақтардан тұтас этникалық қауымдастықтарды өздерінің туған жерлерінен күштеп қоныс аудару соғыс кезінде де жүргізіліп жатты. Қызылордаға әкелінген қалмақтардың «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» «Память во имя будущего» 295 1160 жанұясы 3861 адам тұтастай Арал ауданына жайғастырылды. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары тылдағы елге де оңай тимегені аян. Әсіресе, Қиыр Шығыстан, Кавказ тауларының тұс-тұсын мекендеген халықтар, кең-байтақ Қазақстанның, оның ішінде Арал теңізі жағалауына көптеген босқындар еріксіз көшіріліп әкелінді. Олардың талайы Аралдан жаяулап-жалпылап теңіз жаға-лауларындағы ауылдарға қоныс тепті, осы жерде ұрпақ сүйді. Жергілікті қазақтармен тонның ішкі бауындай араласып, жеңісті жақындатуға лайықты үлестерін қосты. Сондай-ақ, әкелері майдан шебіне жөнелтілген балаларды ұлтына қарамастан жергілікті қазақ халқы өз отбасыларына алып тәрбиелегені туралы да мәліметтер бар. Арнайы жер аударылып келгендерге колхоздар мен кәсіпорындар есебінен үйлер бөлініп, қосымша әр түрлі киімдермен, аяқ киіммен, қолғаппен, түрлі азық-түлікпен жабдықтауға шаралар жасалған. Кезінде сталиндік режим жер аударылған халықтардың өкілдерін майданға алмаған, соғыста жүргендері кері қайтарылып, қара жұмыстарға жіберілген. Сөйтіп өз халқына сенімсіздікпен қараған «халықтар көсемі» олардың тағдырын басқаша шешкен. Арнайы жер аударылған неміс ұлтын аудандар бойынша орналастыру, азық-түлікпен, тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім 1942 жылы 16 наурызда қабылданды. 1943-1944 жылдары ешбір дәлелсіз басқыншыларға дем берді деп айыпталған Солтүстік Кавказ халқы шешендер, ингуштар, Грузия территориясынан месхет түріктері, Молдаван АКСР-нен , Еділ бойынан қалмақтар мен немістер, барлығын қосқанда 6665 отбасы 22 338 Сыр өңіріне көшірілді. Қызылорда облысына шешендер мен ингуштарды қоныстандыру жоспар бойынша белгіленбеседе, іс жүзінде керісінше болды. Қызылорда облысы бойынша арнайы қоныс аударылғандарды жайғастыруға жауапты бөлім басшысы Хвораттың мәліметіне сәйкес 1944 жылдың ақпан-наурыз айларында Қызылорда облысына 6191 шешен мен ингуштардың жанұясы 26 924 адам Қызылорда облысының барлық аудандарына қоныстандырылды. Бұл 26 924 адамның 5311 ер азаматы, 4865 әйелі және 1524 жасөспірімі еңбекке жарамды деп танылып, жұмысқа тартылды. Қызылорда облысына қоныс аударылған 3403 қалмақ, шешен, ингуш жанұялары тұрақты пәтермен қамтамасыз етілді. Олардың 1093 жанұясы өндіріс орындарына жұмысқа алынып, өндіріс орындары есебінен пәтермен қамтамасыз етілсе, 2310 жанұясы жергілікті колхоз тұрғындарынан сатып алынған я босаған пәтерлермен қамтамасыз етілді. Бұған қоса үкімет тарапынан облысқа «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» «Память во имя будущего» 296 қоныстанушыларға үйлер салып алуға 1820 мың сом есебінде несие берілді. 1945 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл несиенің 1485 мың сомы игерілді. Несиенің көп бөлігі Қармақшы ауданына - 255000 сом, Жалағаш ауданына – 260000 сом, Жаңақорған ауданына – 245000 бөлінді. Алайда 1944 жылдың соңына дейін несиені толық игерген тек Сырдария, Жалағаш, Арал аудандары болды.Қазақстан колхоздарына жайғастырылған 68969 жан ұялардың 60429 жанұясы колхоздарға қабылданды. Қызылорда облысы бойынша ауылды елді мекендерге орналастырылған қоныстанушылардың 2857 жанұясы колхоздарға орналастырылды. 

Қызылорда облысындағы шешен, ингуш, қалмақтарға мал беріліп жағдайларын жақсартуға жағдай жасалды. Арнайы жер аударылғандардың тұрғын үй құрылыстарына несиелерді бөлу туралы №135 өкімі. 01.06.1944 ж. Жер аударылған халықтарды киім кешекпен қамтамасыз ету туралы. 23.04.1945 ж. «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» «Память во имя будущего» 297 Солтүстік Кавказдан арнайы жер аударылғандарға мал бөлу туралы шешімі. 10.07.1945 ж. Қызылорда облысы бойынша арнайы қоныс аударылғандарды шаруашылықтарға жайғастыруға жауапты бөлім басшысының мұрағат құжаттарында сақталған мәліметі бойынша Солтүстік Грузиядан «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» «Память во имя будущего» 298 көшірілген месхетия түріктерінің 356 жанұясы (1857 адам) Қызылорда облысының 6 ауданына орналастырылды. . Месхетия түріктерінің Қызылорда облысы аудандарына орналастырылуы Қоныстанған ауданы Жанұя саны Адам саны Шиелі ауданы 61 жанұя 327 адам Арал ауданы 72 жанұя 354 адам Қазалы ауданы 53 жанұя 327 адам Қармақшы ауданы 65 жанұя 324 адам Сырдария ауданы 49 жанұя 250 адам Жаңақорған ауданы 56 жанұя 275 адам Барлығы 356 жанұя 1857 адам Жер аударылғандардың алғашқы кездегі саяси-құқықтық жағдайы өте төмен болды. Олардың арасында өлім көп болғаны мәлім. Мысалы, 1944 жылы 20 маусымда Қазақстан Коммунистік партиясы Қзлорда облыстық комитетіне Қызылорда облысының Ішкі Істер Халық комиссариаты бастығының жазған баяндау хатынан облысқа қатысты бірнеше аудандарда жер аударылғандарға берілген азық-түліктердің дұрыс бөлінбегендігі және оларға деген қарым-қатынастың немқұрайлығы туралы деректер көрсетілген. Нәтижесінде тамақтың жоқтығынан, аштықтан, суықтан өлім етек ала бастағандығы туралы айтылады. Арнайы көшірілгендерді арзан жұмыс күші ретінде ауыл шаруашылығы мен өндіріс орындарының ең ауыр салаларына пайдаланды. Жұмыстың аса ауырлығына қарамастан олар еңбекте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық мүмкіндіктерді қорғаныс жолындағы іс-қимылға қосу керек болды. Оның ішінде адамдарды да, тылдың жұмысында күшейтіп, қорғаныс өндірісінің жұмысын ұйымдастырып, азық-түлік, су базасының жұмысын жақсарту, соғысты нәтижелі болу үшін барлық мүмкіндіктерді іске қосу қажеттілігі тұрды. Қоныс аударылған түрлі ұлт өкілдері жергілікті халықпен бірге тылда ауыр жұмыстар атқарып, майданға үлкен көмек көрсетті. Күштеп жер аударылған халық өкілдерінің көпшілігі егін жинауда шеберлік танытып, өнеркәсіп орындарында істегендер еңбекте алдыңғы қатардан табылып, нәтижелі жұмыстар атқарды. 

Арал ауданындағы «Аралсульфат» комбинатында, «Аралтұз» тресінде еңбек еткен 128 қалмақ жұмысшылардың көбісі жоспарды артығымен орындап, стахановшылар қатарына қосылды. «Рыболовпотребсоюз» тігін шеберханасында 22 адам «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» «Память во имя будущего» 299 стахановшылар қатарына қосылып, жылдық жоспарды 130-160 пайызға орындап отырды. 

Қармақшыдағы Жосалы механикалық зауыты түсті металл шығарудан жылдық жоспарды 1943 жылы – 110, 1944 жылы 130 пайызға орындаған. Орталарынан 30 пайызға жуық стахановшыозатшылар шыққан. Атап айтқанда, шешен ұлтының азаматтары, токарь маманы Байбатыров М. жоспарды 300 пайыз, Эдильсултанов Б, Галаев Т, Боршигов М. 200-пайызға орындап отырған. 

Жалағаш ауданының «Путь Октябрь» колхозында арнайы жер аударылған 28 шешен отбасы тұрды, олардың ішінде 36 адам еңбекке жарамды болды. Осы адамдардан бөлек, жұмысқа жасөспірімдер де жұмылдырылған. Мысалы: 14 жасар балалар Маханов Валит 156, Ишхабов Баха – 191, ал 12 жасар Снугуров Жунид 179 еңбек күнін шығарған. 

Сыр өңірі қазақтары келушілерді сыртқа теппей жанашырлық танытып, өздері талғажау етіп отырған азықтүліктерімен бөлісті. Туған жерлері неміс басқыншыларынан азат етілген соң, қиын сәтте Сыр өңірінен пана тапқан халықтар өз елдеріне қайта оралды. Ал кейбір бөлігі ендігі тағдырларын қазақ жерінде өткізуге бел байлап, осында тұрақтап өмір сүрді, еңбек етті, ұрпақ өрбітті. Қазақ жері олар үшін алтын бесік бола білді. Қазіргі таңда Қазақстан жерінде қоныс тепкен барлық ұлттар ортақ Отанымыздың өркендеуіне, гүлдене беруіне өзіндік үлестерін қосып келеді.

8ed645ffabcf3b0ac34cd65bb6ca2310.jpg

Тағы да оқыңыз: