Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылы №118 орта мектебінде «Мектеп театры», «Оқуға құштар мектеп» жобалары арқылы тәрбие жұмысын жандандыру мақсатында М.Әуезовтың 125 жылдығына орай «Дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. 

Семинар барысында «Мектеп теарты» жобасының мүшелері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына театрландырылған қойылымдар қойылып, «Ұлт асылы - Мұхтар Әуезов» тақырыбында әдеби монтаж, «М.Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс, «Әлемге әйгілі - Әуезов» тақырыбында тәрбие сағаты, «Заманының заңғар жазушысы» тақырыбында кітапхана сағаты және өзара тәжірибе алмасу бағытында түрлі іс-шаралар көрсетілді. 

Мұхтар Әуезов — қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.

Семинар соңында кері байланыстың оқыту үдерісіне ықпалын анықтау мақсатында қатысушылардан кері байланыс жасалып, қорытындыланды.

318527871_1766658403702595_6333498950021755438_n.jpg

Тағы да оқыңыз: