Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов Мырзабай ахун ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Ауыл халқы үшін маңызды нысанның сапалы болуын және жұмыс кестесіне сәйкес уақытылы аяқталу қажеттігін жеткізді.
Биылғы жылы денсаулық сақтау саласы бойынша республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун және Есет батыр ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қараша айында аяқталады.