Kyzylorda-news.kz. Қандағы глюкозаның жоғарылауы немесе төмендеуі қант диабетін тудырады. Аурудың алғашқы кезінде шаршау және көңіл күйдің өзгеруі байқалады, деп хабарлайды Stan.kz.
Глюкоза деңгейі неғұрлым жоғары болса, адам соғұрлым тез шаршағыш келеді. Бұл – қант диабетінің алғашқы көрінісі. Көңіл күй күрт өзгеріп, тітіркенудің басталуы ағзадағы глюкозаның жоғарылауының белгісі болуы мүмкін, бұл қан тамырларының жұмысын бұзады.
“Глюкоза – денедегі энергия көзі. Сондықтан глюкоза қалыпты мөлшерде болуы тиіс. Алайда тәттілерге деген шектен тыс ұмтылыс қандағы қант деңгейінің ауытқығанын білдіреді”, – деді мамандар.
Қандағы глюкоза жоғарылағанда, көз ісінуі мүмкін. Соның салдарынан көз торлары бұзылады.