Kyzylorda-news.kz. СМ-Клиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері және диетологы Елена Тихомирова қан қысымын құрамында каллийі көп тағамдардың түсіруге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Оның айтуынша кез келген көкөністерде әсіресе қияр, ақжелкен, аскөк, салат жапырақтары, қырыққабаттарда каллийдің көп мөлшері болады.
Жидектер мен жемістер де калий көзі болып табылады. Құлпынай, шабдалы, алма, қауын, қарбыз қан қысымының төмендеуіне ықпал етеді.
“Жемістердің, әсіресе қарбыздың қабынуды басатын әсері күшті”, – дейді дәрігер.
Ол көкөністердің барлығын тұз бен дәмдеуіштерді қоспай тұтынылатын болса, пайдалы болатынын атап өтті.