Дәрі-дәрмектің көмегінсіз қан қысымын қалай төмендетуге болады? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Дәрі-дәрмектің көмегінсіз қан қысымын қалай төмендетуге болады?

22.02.2020, 10:00

143 0

Kyzylorda-news.kz. Қан қысымы жоғары адамдар дәрі-дәрмектің көмегінсіз аз уақыт ішінде оны өздігінен қалпына келтіре алады.

Солтүстік Каролина (АҚШ) университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, нәтижесінде осындай тұжырымға келді.

Олардың эксперименті 16 апта ішінде қажетті талаптарды орындап қан қысымының көрсеткішін жақсартуға болатынын көрсетті.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың ең тиімді әдісі – салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын сақтау, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік. Бұл формула семіздік пен артериалды гипертензиямен ауыратын 40 жастан 80 жасқа дейінгі 129 адамның қатысуымен жүргізілген тәжірибенің нәтижесі болды.

Тәжірибеге қатысқан еріктілер үш топқа бөлінді. Бірінші топтағы қатысушыларға тек дұрыс тамақтанумен бірге физикалық белсенділікті арттыру керек болды. Олар атап айтқанда, қызыл ет, тұз және көмірсуларды тұтынуды азайтып, көкөніс, жемістерді және майлылығы төмен сүт өнімдерін көбірек тұтынды және жүйелі түрде дене жаттығуларын жасады. Екінші топтағылар тек тамақтану үрдісіне өзгерістер енгізді. Ал үшінші топтың қатысушылары әдеттегі өмір салтын ұстануды жалғастыра берді. Тәжірибе барысында қатысушылар ешқандай дәрі-дәрмек қолданбаған.

Бұл тәжірибелердің нәтижесі бойынша, бірінші топтағы адамдар 16 аптадан кейін салмақ тастаумен қатар, олардың қан қысымы орташа есеппен 10-16 пунктке төмендеген. Екінші топтағы еріктілер де оң өзгерістерге қол жеткізді, ал үшінші топтағы адамдардан ешқандай өзгеріс байқалмаған.

«Хабар 24»

0

Пікір қалдыру