Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы, «GRAND Master» бағдарламалау мектебі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен 10–11 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі CP Open Cup III – 2025 олимпиадасы өтуде.
Іс-шараның ашылу салтанатына партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Биыл үшінші мәрте дәстүрлі түрде өткізіліп отырған шараның мақсаты – жастар арасында IT саласының маңыздылығын насихаттау және қызығушылықтарын арттыру.
Жарысқа қатысушылар 60-қа жуық команда күрделі есептерді шешу арқылы өзара үздіктерді анықтайды.
Нәтижесінде бас жүлдеге ие болған оқушыларға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2 білім гранты табысталады. Сондай-ақ ІІ және ІІІ орын иелеріне арнайы диплом және бағалы сыйлықтар, қатысушы командаларға алғыс хат және ынталандыру сыйлықтары табысталады.

