Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастардың саны 148 адамға жетті. Бұл туралы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

“Бүгін, 19 сәуір күні Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырған адам – 82 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес, екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Науқас жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды”, – делінген аталған департамент таратқан хабарламада.

2020 жылдың 19 сәуіріндегі жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 148 дерегі тіркелді. Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 24, ем қабылдап жатқандар саны – 124.

Тағы да оқыңыз: