Kyzylorda-news.kz. Вакцина алуы тиіс қазақстандықтардың 15 проценті екпе салдырды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.
Ал Премьер-Министр Асқар Мамин иммундау науқанын жылдамдатып, ауыл тұрғындарын вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет басшысының айтуынша, мамыр айында 2 миллионнан астам азаматқа екпе егіледі деп жоспарланған.
Айта кетейік, өткен аптада елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 процентке төмендеді. Қазір біз бұл көрсеткіш бойынша әлемдік рейтингте 107-ші орында тұрмыз. 9 өңір әлі де қауіпті аймақтан шыққан жоқ. Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында, Қызылорда және Алматы облысының ауруханалары шамамен 60 процентке толған.
24.kz