Kyzylorda-news.kz. Бүгін ақпарат көздерінен оқып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбевтың коронавирус індетін жұқтырғанын естідім. Өкінішке орай бұл індет Елбасын да айналып өтпепті. 

Коронавирус эпидемиясы басталғалы бері әлемде түрлі қауесеттер көбейіп кетті. Бірі індет бар десе, бірі сенбестік білдіруде. Дегенмен, сақтансан сақтайды дегендей, бірқатар өңірлерде індет жұқтырғандар қатары ережелерді елемеу салдарынан артуда. Сондықтан карантинге қатысты ел басшылығы енгізген шараларды қатаң ұстанған абзал. 

Елбасымызға тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ұлт Көшбасшысы індетті жеңеді деп сенеміз. Себебі ол кісінің рухы мықты, қайта қайтпас қайсарлығы биік.
Әрине әр іс уақыт пен сабырлықты қажет етеді. Осы орайда әрбір қазақстандық азаматқа аурудың алдын алу шараларына мұқият мән берсе екен деймін. Сонда ғана біз аурудың үдей түсуіне жол бермей, бірлесіп, барлығын жеңеміз.

Қахар ДАДАШЕВ,

Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

Тағы да оқыңыз: