Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының Хатшысы  Шолпан Каринованың төрағалымен өңірлік филиалдармен жиын өтті. Онда «Mұғалім Talks» кейс-платформасында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жиынға ZOOM  платформасы арқылы партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыс әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімінің бас инспекторы Нұрбол Исаев және ұстаздар мен бірқатар мектеп директорлары қатысты. 

«Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады». Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері және осы бағытта «AMANAT» партиясының «Цифрлы қоғам» жобасы кеңінен талқыланды. Атап өту керек, «Цифрлы қоғам» жобасы  киберқауіпсіздік, цифрлық сауаттылық және жасанды интеллекті пайдалануға бағытталған. Жобаны биыл Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана және Алматы қалаларында пилотты түрде іске асыру көзделген.  

Президент Жолдауында «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек»,- деген болатын. 

Аталған мәселелер жиынға қатысушылармен жан жақты талқыланып, нақты ұсыныстар ортаға салынды. 

Тағы да оқыңыз: