Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы мәселе қаралды.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 119,4 пайызға, Өңдеуші өнеркәсіп көлемі – 120,0, Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 104,7, Бөлшек сауда айналымы – 100,5, Инвестициялар тарту – 119,1, Құрылыс жұмыстары көлемі – 123,8, Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 104,4 пайызды құрап отыр. 

Аудан әкімі экономиканың өсім қарқынын және өз кірістеріміздің ұлғаюын, бюджеттің 100 пайызға игерілуін жыл соңына дейін сақтап қалу керектігін айты. Бұған байланысты жылдың соңында берілген тапсырмалар өз деңгейінде орындалмаған жағдайда жауаптыларға қатысты қатаң шешімдер қабылданатындығын ескертті.

Мәжілісте Алмасбек Әбілқасымұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетудің маңызды факторы - бюджеттің игерілуі екенін жеткізіп, бұл мәселегеде барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері, тиісті сала басшыларымен бірлесе жұмыс атқаруды тапсырды.

Жиында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары, коммуналдық салалардың үздіксіз жұмыс жасауы, қоғамдық-саяси ахуал және басқа да өзекті мәселелерге қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Тағы да оқыңыз: