Kyzylorda-news.kz. Жол мәселесі тұрғындар үшін әрдайым өзекті. Алайда, бүгінде аудан мен ауданды, ауыл мен ауылды жалғап жатқан жолдардың тақтайдай тегіс болғанымен кейбірі сын көтермейді.

Дей тұрғанмен атқарылып жатқан жұмыстар да жетер­лік. Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы Жосалы-Жалағаш автожолының 3242-3341 шақырымы аралығында өткен жылғы су шайып кеткен аумақтарының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталмыш жол аралығындағы аяқталып қалған жұмыстардың бірқатар кемшіліктерін атап өтті.

Келесі жол айрығы Қызылтамға кіре беріс жолдың жайымен танысқан аудан әкімінің тапсырмасы негізінде алдағы жылдары бұл ауылға да асфальт төселіп, ел игілігіне ұсынылатын болады.

Тағы да оқыңыз: