Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тірек мектептерге арналған Буллингке қарсы KiVa бағдарламасы бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарға Қазалы ауданы №266 мектеп-лицейінің, Арал ауданы Ж.Абдрашев атындағы №62 мектеп-лицейінің, Қармақшы ауданы Т.Комекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің, Жалағаш ауданы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің және Жаңақорған ауданы №286 мектеп-лицейінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар буллинг жағдайларын анықтау, алдын алу және болдырмау тақырыптарында теориялық әрі практикалық дайындықтан өтті. Бағдарлама элементтерін оқу үдерісіне енгізу бойынша өз жобаларын ұсынды.

Kiva — Финляндиядағы Турку университетінде әзірленген, оқу орындарында қорқыту жағдайларының алдын алуға және азайтуға бағытталған инновациялық бағдарлама.

Бұл бағдарламаның бірегейлігі оның жан-жақты көзқарасында жатыр: ол балаларды қорқыту жағдайында өзін қалай ұстау керектігін үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналарға сыныпта салауатты атмосфера құру үшін қажетті құралдарды ұсынады.

2023 жылы Турку университеті NIS ДББҰ-ның стратегиялық серіктесі болды, бұл Kiva-ны Қазақстанда іске асыру үшін жаңа көкжиектер ашты.

НИШ.jpeg

Тағы да оқыңыз: