Kyzylorda-news.kz. Бүгін елдегі үш қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Болжам бойынша, 27 мамырда Петропавл, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Ал Қызылорда облысында күн жылы, 31 градусты көрсетіп тұр.

Тағы да оқыңыз: