Kyzylorda-news.kz. Кезекті толған ай 14 маусымда басталып, бұл жолы Жер тұрғындары ерекше көрініске куә болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ай Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:52-де толып, 11,5 сағаттан кейін өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесі – перигейден шамамен 357429 шақырымнан өтеді, деп хабарлайды «Бақылау астрономиясы» сайты.

Айдың көрінетін диаметрі орташа мәнге қатысты шамамен 8% өсіп, жарығы шамамен 13% артады.

Ал көкжиекке жақын жерде (кешке және таңертең) «ай иллюзиясына» байланысты жердің серігі ірі болып көрініп тұрады.

Астрологтар алдағы «суперайға» қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Бұл – адамдар үшін кешірім жасап, алғыс білдіре алатын ең қолайлы уақыт.

Тағы да оқыңыз: