Kyzylorda-news.kz. Бүгін, яғни 7 қаңтарда барша әлемнің православ христиандары Рождество мерекесін атап өтеді.

Рождество Христово – христиандықтардың басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке Иса Мәсіхтің Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне орай аталып өтеді.

Әлемнің көптеген елінде бұл мереке күні юлиан және григориан күнтізбесіне қарай ерекшеленеді. Сочельник деп аталатын Рождество алдындағы кештен бастап шіркеулерде құдайға табыну салтанаты өткізіледі.

Бұл түнде рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастархан жайылады.

Рождество – әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны.

Қазақстанда православ қауымы басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес Құрбан айт және Рождество діни мерекелері ресми мейрамға жатпайды, бірақ демалыс күні болып саналады. Осыған орай 7 қаңтар күні қазақстандықтар демалады.

ҚазАқпарат

Тағы да оқыңыз: