Kyzylorda-news.kz. 12 қаңтардан бастап өңірімізде, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады.
Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).
«Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Бүгін мамандандырылған ХҚО өз жұмысын қайта бастады.Белгілі себептерге байланысты, он күн көлемінде автокөлік иелеріне қызмет корсету мүмкіндігі болмады, осы орайда тұрғындардан кезектердін болу ықтималдығына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айнұр Тобаева.
Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.