Kyzylorda-news.kz. Бүгін, 22 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 15.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен брифинг өтеді.

Брифингте аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндайды.

Сондай-ақ, облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тарапынан қойылған сауалдарға жауап береді.

Тағы да оқыңыз: