**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) 6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі.** > _«ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады», – делінген корпорацияның желідегі ресми парақшасында._ Еске салсақ, бұған дейін 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеген еді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.