maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстік өңірлерде көктайғақ күтіліп, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді. Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, еліміздің солтүстігінде көктайғақ құбылыстары болжанады. Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі.

 Фото: magnific.com

Тағы да оқыңыз: