Kyzylorda-news.kz «Қазгидромет» РМК бүгінге, 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне батыстан келген циклон әсер етеді. Көптеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік пен батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ, республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, ал оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде 1 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, батысы, орталығы мен таулы аудандарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Жамбыл облысының солтүстік-батысында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай