Бүгін ауа райы қандай болады? – Kyzylorda News
Басты бет

Бүгін ауа райы қандай болады?

06.08.2022, 9:00

557 0

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қызылорда облысының кейбір аудандарында найзағай ойнайды. Алайда көп бөлігінде өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің солтүстігі мен батысында және Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады.

Мамандар Ақтөбе облысында жел соғатынын ескертеді. Екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Елордада жауын-шашынсыз, термометр 29 градусқа дейін көтеріледі.