Kyzylorda-news.kz. Өткен түндерде бақыланған ауа райына нақты шолу жасады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батыста, облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде орталықта қатты қар жауды, облыстың батысында көктайғақ болды, жел 15-26 м/с күшейді, күндіз Бурабай СКФМ М-да тұман болды, түнде батыста, орталықта жаяу бұрқасын болды. Күндіз Батыс Қазақстан облысында жауын – шашын (негізінен жаңбыр), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауды, жел 15-23 м/с күшейді, түнде Жамбейті М-да көктайғақ болды. Күндіз Ақтөбе облысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауды, түнде Комсомольское М-да қатты қар жауды, облыстың солтүстігінде көктайғақ болды, жел 15-22 м/с күшейді. Павлодар облысында жауын – шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың шығысында қатты қар жауды, Баянауыл М-де тұман болды, Екібастұз М-да түнде Көктөбе М-да көктайғақ болды, жел 15-19 м/с күшейді. Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың шығысында қатты қар жауды, жел 15-23 м/с күшейді, күндіз көктайғақ, түнде Железнодорожный М-да жаяу бұрқасын болды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтті, күндіз жел 15-22 м/с күшейіп, түнде Қарағанды облысында тұман, көктайғақ байқалды. Ұлытау, Абай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында жаңбыр жауды, жел 15-26 м/с күшейді, күндіз Қызылорда облысының Қызылорда М-да шаңды дауылмен, түнде найзағай, Қызылорда облысында – дауыл, түнде Түркістан облысында найзағай болды. Күндіз Маңғыстау облысында Қаламқас АМС-да аздаған жаңбыр жауды, түнде Құлалы М-де жаңбыр жауды, күндіз 15-21 м/с жел күшейді, Алматы облысында , Жетісу облысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 15-22 м/с жел күшейді.
Айта кеткен жөн, Бүгін Қызылорда бойынша ауа температурасы +11+13. Күн көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23.
