Kyzylorda-news.kz  Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты.

Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. 

Бүгінде теңіздің тұздылығы айтарлықтай төмендеп,  балық кәсібін жандандыруға мүмкіндік пайда болды. Қазіргі таңда Қызылорда облысында 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. 2000 жылдардың басында теңіздегі балық аулау көрсеткіші 400 тоннадан аспайтын еді. Бүгінде 23 балық түрі, оның 14 өндірістік бағытта қалпына келтірілді. 2018 жылы ауланған балық  8 мың тоннадан асып, 4 мың тонна балық өнімі Польша, Голландия, Германия, Литва, Грузия, Украина, Ресей және Қытай елдеріне экспортталды.

Осылайша әлемнің назарынан тыс қалмаған Арал теңізі барлық адамзаттың жадында болуға тиіс.

Тағы да оқыңыз: