Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты биік жерлерде орналасатын күріш егісінің көлемін қысқартып, әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді. 

Нақтыласам, әртараптандыру бағыты бойынша жаздық бидай 81 га, арпа 52 га, картоп 15 га, көкөніс 50 га, бақша 65 га, сүрлемдік жүгері 15 га артық орналасты.

Cу тапшылығының алдын алу үшін осы жылы 3 дана көтерме насос сатып алынды. Шаруашылықтар ауылдық округ әкімдерінің теңгерімінде 25 дана су сорғылары (су насосы) жұмыс жасауда. 

Айта кетейік, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауданда 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы брифинг өткізген болатын.
 

Тағы да оқыңыз: