Kyzylorda-news.kz. 20 қазан мен 19 қараша күндері облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.  

Іс-шараның басты мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.   

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 17  күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 76 дерегі анықталған, 2 қылмыстық іс және 74 әкімшілік құқық бұзушылық.

Оның ішінде заңсыз балық аулау (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы)-48, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша 16 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

Мәселен, 5 қараша күні полицейлер Телікөл каналының тұсында аудан тұрғыны басқаруындағы «Лада» автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан резіңке қайығы, аккумулятор, тоқ ұрғыш құралы, қапқа салынған балық алынды. Оқиға орнында екі аудан тұрғыны ұсталды. Тиісті сот-сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен  (заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
 

Тағы да оқыңыз: