Kyzylorda-news.kz. 12 тамыз - Халықаралық жастар күні аясында Қалалық Қоғамдық Даму Бөлімінің Qosyl Qyzylorda Jastar Ortalygy мен облыстық “Еңбек мобильділігі орталығы” КММ-нің Қызылорда қаласы бойынша филиалы “Мансап” орталығы “Мүмкіндіктер алаңы” жобасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

”ARAY CITY MALL” сауда үйінің алдында өткен жұмыссыз азаматтарға арналған шараға 20 мекемеден 172 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Шараға 200-ге жуық қала тұрғындары қатысып, жұмыс беруішлердегі бос жұмыс орындары бойынша әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңке барысында 35 азаматқа бос жұмыс орындарына орналасуға жолдамалар берілді.

Тағы да оқыңыз: