Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Президенттің Баспасөз қызметі телеграм әлеуметтік желісінде «Борт N1» ресми каналы ашылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Телеграм каналда шағын хабарламалар, аңдатпалар, экспресс-аналитика, инфографикалар, бейресми фото мен видеолар және басқа да мәліметтер қамтылады.

«Құрметті әлеуметтік желілердің қолданушылары! Сіздерді біздің Т-каналымызға жазылып, Президенттің қызметіне қатысты маңызды ақпараттармен дер кезінде танысып отыруға шақырамын», – деп жазды Берік Уәли.

Тағы да оқыңыз: