Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі», – деді.
Қашанда қоғамның даму жолында халықтың бірлігі – қымбат құндылық болған. Асыл дініміз ислам барша ұлтты татулықта, өзара құрмет пен келісім аясында өмір сүруге үндейді.
Бірлігі бекем елге береке орнайтыны баршамызға белгілі. Татулық және достық деген кезде жұдырық болып жұмылған, ынтымақ-бірлігі жарасқан ұлттар мен алауыздығы жоқ ел есімізге түседі. Қай ұлт, қай ел болса да бейбітшілік пен ашық аспанды, бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болуды аңсайды. Өйткені, татулық пен келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді.
Дана халқымыздың татулық пен адалдыққа шақырған өсиеттерін алға тартып, бейбіт еліміздің тыныштығын сақтай отырып, бүгінгі күнімізді бағалай білейік.
Алдағы уақытта жер бетінде жұқпалы індет жойылып, баршамыз қуанышты сәтте қауышып, болашағы баянды ел болайық.
Болатбек Әбуов,
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы