Kyzylorda-news.kz Қала әкімдігінің баспасөз орталығында отбасын қолдау орталығының директоры Гүлнар Сексенбаева, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторлары Еркебала Артықбаева және Айгерім Ерболатқызының қатысуымын баспасөз конференциясы өтті.

Өздеріңізге белгілі, елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталған болатын. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Осы бағытта қала әкімдігі жанынан ақпараттық-насихаттық топ қалаға қарасты кент және ауылдық округтерінде болып, тұрғындар арасында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Сандық мәліметтерге жүгінетін болсақ, жыл басынан бері Қызылорда қалалық полиция басқармасына «102» арнасы арқылы «Отбасы жанжалы болуда» деген 2500-ге жуық хабарлама келіп түскен. Хабарламалар бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды.

Айта кету керек, бұған дейін ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы, 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама рәсімделсе, жаңа өзгерісте 2024 жылдың маусым айының 16-нан бастап ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру криминализацияланды.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты әйелдерге қарсы жасалған 71 қылмыс дерегі орын алып, көрсеткіштің көлемі артқан.


Фото: Қала әкімдігі

Тағы да оқыңыз: